Жақында ғана некелесіп, салтанатты той жасаған Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров жақында ата-ана атанбақ. Бұл қуанышты жаңалықты олар әлеуметтік желі арқылы бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo.
«Сені күтеміз, балапан», – деп жазды жас жұп парақшаларында.
Желі қолданушылары бұл хабарды жылы қабылдап, ізгі тілектерін арнап жатыр.
Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров сәуір айында заңды түрде некеге тұрғандарын жариялаған болатын. Желіде бұл жаңалық кеңінен таралып, оң пікірлерге ие болды.
Одан кейін дәстүр бойынша сырға салу, құда түсу рәсімдері өтіп, қазақы үлгіде үлкен той ұйымдастырылды.




