Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ақтау қаласының аумағы үш есеге ұлғаяды: Үкімет жаңа шекараларды бекітті

Үкімет Ақтау қаласының шекарасын өзгертіп, аумақты 94 642 гектарға кеңейтті. Бұл шешім Каспий теңізінің су қоры жерлерін қамтиды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Ақтау қаласының аумағы үш есеге ұлғаяды: Үкімет жаңа шекараларды бекітті
📷 Дереккөз: inbusiness.kz

Қазақстан Үкіметі Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының шекарасын өзгерту туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы 23 сәуірдегі құжатта көрсетілген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, қала шекарасына Маңғыстау облысының жалпы ауданы 94 642,2062 гектар болатын жерлері қосылды. Атап айтқанда, Каспий теңізінің су қоры жерлері де қала аумағына енгізілді. Бұл Ақтау аумағын үш есеге жуық ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Үкімет Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының шекарасын да өзгерткен болатын. Жаңа шекаралар қалалардың дамуына және инфрақұрылымды кеңейтуге жағдай жасайды деп күтілуде.

Ұқсас материалдар

Ақтау қаласының аумағы үш есеге ұлғаяды: Үкімет жаңа шекараларды бекітті · Todayinfo