Бұрынғы сүйіктісіне қол көтеріп, қоғамның сынына ұшыраған актер Шәріп Серік жасанды интеллект арқылы өз бейнесі Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызылған видеоға байланысты арыз жазған еді. Аталған бейнежазбаның авторы — контентмейкер Арман Тұрлыбеков,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Видеоны жариялаған автор бұл жұмысты зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық үндеу ретінде жасағанын айтып, астына «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген жазба қалдырған. Видеода Шәріп Серік пен Қуандық Бишімбаевтың бірге отырғаны бейнеленген.
Актердың пікірінше, бұл видео оның ар-намысына тиіп, өзін Бишімбаевпен салыстыру орынсыз. Шәріп Серік:
«Мен екінші Бишімбаев емеспін. Бұл – оның тағдыры, өмірі, қателігі. Менің жолым басқа», – деп мәлімдеді.
Алайда Алматы қалалық полициясы бейнежазбада ешқандай қылмыстық құқықбұзушылық жоқ екенінанықтады. Видеода жеке өмірге қол сұғушылық белгілері де табылмаған. Сол себепті арыз «қылмыс құрамы болмағандықтан» қараусыз қалдырылды.




