2026 жылғы 22 сәуірде Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты белсенді Жанар Секербаеваға қатысты істі қарады.
Сот мәліметінше, 2025 жылғы 22 қарашада қаладағы кафелердің бірінде Секербаева мен жәбірленуші арасында жанжал болған. Жанжал кезінде айыпталушы әйелді итеріп, денсаулығына зиян келтірмейтін дене ауруына ұшыратқан.
Секербаеваның кінәсі куәлардың айғақтары мен бейнежазбалармен расталды. Айыпталушы өз кінәсін мойындамады, қорғаушы ақтауды талап етті.
Сот оны ҚР ҚК 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Фото: instagram/zhanar_sekerbayeva




