Todayinfo.kz
АлматыБарлық жазбаларды қарау

Әл-Фарабидегі жол апаты: Сотқа жіберілген іс бойынша алдын ала отырыс өтеді

Алматыда Аль-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілді.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Әл-Фарабидегі жол апаты: Сотқа жіберілген іс бойынша алдын ала отырыс өтеді

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған резонанстық жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сот қарауына жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қаза тапқан 29 жастағы Mercedes жүргізушісінің туыстарының заңды мүддесін қорғайтын адвокат Олег Чернов осылай деп мәлімдеді.

Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-ге Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тағайындалды.

Үш адамның өмірін қиған апат – Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жас жолаушы қыздың қаза болуына әкелген қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні болған еді.

Тергеу нұсқасы бойынша, Zeekr көлігінің жүргізушісі басқа көлікпен көше жарысына қатысқан. Ер адам көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған.

Ұқсас материалдар

Әл-Фарабидегі жол апаты: Сотқа жіберілген іс бойынша алдын ала отырыс өтеді · Todayinfo