“Елге көмек” қорының жетекшісі Ілияс Сәриевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Тергеу мәліметінше, Сәриев ауыр науқастарға көмек жинау туралы видеоларды жариялап беремін деп, олардың туыстарынан ақша алған. Алайда уәде еткен контентін салмаған. Барлығы алты адам зардап шеккен.
Сондай-ақ ол Ақтоты Дүйсееваға тиесілі қажылық турфирмасын жарнамалап, 20 адамның алданып қалуына себеп болған. Жалпы шығын 35 миллион теңгеден асты, жәбірленушілердің шығыны 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін жеткен.
Сотта Сәриев өзін кінәсіз деп мәлімдеді. Инстаграмдағы охват төмендеп кеткенін, видеоларды жарияламауына осы себеп болғанын айтты. Турфирма ісі бойынша да өзін ақтады. Ал Дүйсеева бұған дейін Сәриев оның шоттарынан ірі көлемде ақша шешіп алып, құмар ойындарға жұмсағанын айтқан.
Сәриевтің адвокаты оны 20 эпизод бойынша ақтауды сұрап, алты эпизодты әкімшілік іс ретінде қарастыруды ұсынды. Адвокат Сәриевтің қоғамға еңбегі бар екенін, «Робин Гуд» атанғанын айтты.
Соңғы сөзінде Сәриев көз жасын тыя алмай, бес баласы барын айтып, жазаны жеңілдетуді және амнистия қолдануды сұрады.
Ал жәбірленушілердің адвокаты істің ауыр санатқа жататынын, амнистия қолданылмайтынын ескертті.
Сот шешімі бойынша Ілияс Сәриев 3 жыл 8 айға, “MM Travel” директоры Ақтоты Дүйсеева 3 жылға сотталды.
Дүйсееваның кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, оның жазаны өтеуі кейінге қалдырылып, ол сот залынан босатылды.
«Алаяқ қамқоршы»: қазақтың «Робин Гуды» атанған Ілияс Сариев сотталды
Фото: видеодан скриншот “Елге көмек” қорының жетекшісі Ілияс Сәриевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Тергеу мәліметінше, Сәриев ауыр науқастарға көмек жинау туралы видеоларды жариялап беремін деп, олардың туыстарынан ақша алған. Алайда уәде етк

Фото: видеодан скриншот
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Еркебұлан Тоқтар оқырманының еміне гонорарынан 50 мың доллар аударды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«Жаным жай таппай.. »: Гүлзира Айдарбекова белгілі блогердің ота үстелінде көз жұмғанын жеткізді
Айдар Керім·

Оқиғалар
Келімсектің кесірі: мас шетелдік Алматы әуежайын қиратып кетті
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
Айдар Керім·