Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін көпшілік алдына шықты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева ұзақ уақыттан кейін жұрт назарына қайта ілікті. Ол соңғы рет 2023 жылы көпшілік алдында көрінген еді.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін көпшілік алдына шықты
📷 Дереккөз: dalanews.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін жұрт назарына қайта ілікті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Нұрәлі Әлиевтің жұбайы Аида Әлиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сурет жариялап хабарлады. Жазбада ол кештен алған әсерімен бөлісіп, былай деп жазған:

"Әйелдің өмір жолы туралы керемет кеш болды, рақмет."

Бұған дейін Әлия Назарбаева 2023 жылдың 15 наурызында Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өткен іс-шарада кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен бірге көрінген болатын.

Аида Әлиева – Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Әлиевтің жұбайы. Ал Әлия Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының кенже қызы ретінде белгілі.

Ұқсас материалдар

Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін көпшілік алдына шықты · Todayinfo