Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Алимент төлемеушілердің барлық ақшасы бақылауға алынады

Мәжіліс атқарушылық іс жүргізу ережелерін өзгертетін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Алимент төлемеушілердің барлық ақшасы бақылауға алынады
📷 Дереккөз: orda.kz

Мәжіліс атқарушылық іс жүргізу ережелерін өзгертетін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Құжат азаматтардың құқығын қорғап, жеке сот орындаушыларының жұмысын күшейтеді.

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, жеке сот орындаушылары үшін міндетті аттестаттау енгізіледі. «Аттестаттау заңнама мен кәсіби әдеп кодексін білуді тексереді. Қайта аттестаттаудан өтпегендердің лицензиясы күшін жояды», — деді ол.

Сонымен қатар, көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар қатаңдатылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін үш жыл ішінде жауапкершілікке тартылған адамдар бұл лауазымдарды атқара алмайды.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков алимент төлемеушілердің табысын бақылау үшін «Әділет» бағдарламасы әзірленгенін айтты. «Мобильді қосымша азаматтарға жеке сот орындаушысын толық бақылауға мүмкіндік береді. Қаражат түскен кезде push-хабарлама келеді», — деді ол.

Депутат Бақытжан Базарбек заң жобасы адамды бірінші орынға қоятынын атап өтті. Ол Бас прокуратураның деректерін келтіріп, 88 жеке сот орындаушысы 660 түрлі алаяқтық әрекет жасағанын хабарлады. Мысалы, Алматыда тоғыз ЧСИ ағымдағы шоттан 23 млн теңге шешіп алған, ал Қарағанды облысында жеті ЧСИ 110 млн теңгені заңсыз жұмсаған.

Ұқсас материалдар

Алимент төлемеушілердің барлық ақшасы бақылауға алынады · Todayinfo