Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алла Тағала Құранды блогер арқылы жеткізді – Жарқын Мырзатай (ВИДЕО)

Имамның айтуынша, Алла Тағала адамдарға ескертуді тек діни мамандар, ұстаздар немесе имамдар арқылы емес, кез келген адам, тіпті блогер арқылы да жеткізе алады. Бұл туралы ол өз уағызында түсіндіріп, ғибрат алуға шақырды, деп хабарлайды Тodayinfo  ақпараттық порталы. «Қасиет

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Алла Тағала Құранды блогер арқылы жеткізді – Жарқын Мырзатай (ВИДЕО)
Имамның айтуынша, Алла Тағала адамдарға ескертуді тек діни мамандар, ұстаздар немесе имамдар арқылы емес, кез келген адам, тіпті блогер арқылы да жеткізе алады. Бұл туралы ол өз уағызында түсіндіріп, ғибрат алуға шақырды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Қасиетті Құранда: «Сен көрмедің бе, дінді өтірікке шығарғандарды?» деген аят бар. Алла Тағала бұл аятты блогер арқылы жеткізіп отыр. Егер мен немесе басқа имам осы аятты оқысақ, оның мұншалықты көп қаралымы болмас еді. Бірақ сол блогер қыз арқылы бүкіл Қазақстан мен әлем елдері бұл аятты естіді», – деді ұстаз.
Уағызшының айтуынша, бұл жағдай тек көпшілікке ескерту ғана емес, сол блогердің өзі үшін де тәубеге келуге мүмкіндік болуы мүмкін.
«Бәлкім, осы оқиғадан кейін ол да тура жолға түсіп кетер», – деді ол.
Имам мұндай оқиғалардан ғибрат алып, дұрыс қорытынды шығару қажет екенін еске салды.
«Алла Тағала дінді кез келген адаммен жеткізе алады. Бұл – Оның шексіз құдіреті», – деді ол.
Осыған дейін тойда Мәғүн сүресін рэпше оқыған блогер Жұлдыз Жауынбаева сынға қалған еді.      
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАРҚЫН МЫРЗАТАЙ▫️ (@zharkinmyrzatai)

Ұқсас материалдар

Алла Тағала Құранды блогер арқылы жеткізді – Жарқын Мырзатай (ВИДЕО) · Todayinfo