Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Алматы — Бішкек» тасжолында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза тапты

Алматы — Бішкек тасжолында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған. Б

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Алматы — Бішкек» тасжолында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза тапты
Алматы — Бішкек тасжолында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске салайық, 2025 жылғы 25 қарашада Алматы — Бішкек автожолының 65-шақырымында жол апаты болып, алты адам көз жұмғанын хабарлағанбыз.

Ұқсас материалдар

«Алматы — Бішкек» тасжолында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза тапты · Todayinfo