Алматы облысында 3 жасар қыз бір айдан бері табылмай жатыр
Фото: Алматы облысының Полиция департаменті Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бір айдан бері жоғалған 3 жасар қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, баланы іздестіру кезінде ауылға жақын маңд

Фото: Алматы облысының Полиция департаменті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бір айдан бері жоғалған 3 жасар қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, баланы іздестіру кезінде ауылға жақын маңдағы су қоймасынан су ағызылған. Бірақ ол жерден балаусаның із табылмаған.
Безымянный тоғанындағы су 2 метрге дейін азайтылған. Облыстық ішкі істер департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы жақын маңдағы Күш ауылына жақын Ақши, Қырбалтабай мен Балтабай ауылдарының тұрғындарын да сұрастырып көрген.
Бұған дейін бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткені туралы хабар шыққан. Сол күні қыздың анасы полицияға хабарласқан. Қазір ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылып отыр.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·