Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Алматы облысында 54 мың гектар жер бос жатыр - прокуратура

Алматы облысының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан 18 мың гектар жерді мемлекетке қайтарды. Алматы облысы прокуратурасы Енбекшіқазақ ауданындағы жалпы ауданы 54 мың гектардан асатын 120 жайылымдық жердің белгіленген мақсатқа сай пайдаланылмайтынын анықтады. «Бұл меншік иелері ме

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Алматы облысында 54 мың гектар жер бос жатыр - прокуратура
Алматы облысының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан 18 мың гектар жерді мемлекетке қайтарды.
Алматы облысы прокуратурасы Енбекшіқазақ ауданындағы жалпы ауданы 54 мың гектардан асатын 120 жайылымдық жердің белгіленген мақсатқа сай пайдаланылмайтынын анықтады.
«Бұл меншік иелері мен жер пайдаланушылардың малы жоқ, сондай-ақ, бұл жерлер азаматтар мен мемлекетке ешқандай пайда әкелмеген деген сөз. Соның нәтижесінде прокуратураның іс-шараларымен 180 млн теңгеге 18 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, прокуратурада қалған жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда, қазір ол соттың қаралуында екенін хабарлады.  

Ұқсас материалдар

Алматы облысында 54 мың гектар жер бос жатыр - прокуратура · Todayinfo