Алматы облысының Қарасай және Ұйғыр аудандарында тәртіп сақшылары ірі мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Қаскөйлер алдын ала дайындалған тәсілмен әрекет еткені анықталды. Олар далалы аймақта еркін жайылып жүрген қараусыз малды таңдап, оларды жақын маңдағы тас жолдарға айдап, сол жерде күтіп тұрған жүк көлігіне тиеген.
Одан кейін ұрланған малды көршілес аудандарға тасымалдап, жергілікті тұрғындарға сатқан. Қазіргі уақытта ұсталғандардың 7 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған 69 бас ұсақ малды, сондай-ақ шамамен 20 миллион теңге тұратын 43 бас ірі қараны ұрлауға қатысы бары дәлелденді. Барлық күдікті қамауға алынды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мал ұрлағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуға шақырамыз: малды таңбалау жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігінше жайылымды бақылауды қамтамасыз ету қажет, — деді ІІМ.
Бұған дейін Түркістан облысында 1 мың малды заңсыз шекара асырмақ болған топ ұсталған еді.




