Алматы облысының Қарасай ауданындағы Тұрар ауылында жастар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде суық қару қолданылған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Алматы облысының полициясы төбелесті бастағандарды іздестіруде.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Төбелеске қатысқан барлық адамдарды анықтап, ұстау шаралары жүргізілуде.




