Алматы облысындағы "Ұзынағаш-Отар" тас жолының жөндеу жұмыстары аяқталды
Өңірде іске асып жатқан бұл ірі құрылыс жобасының аясында 101-143 шақырымдық жол қайта жаңғырмақ, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Автожолды "КЛВ ИНШААТ Аноним ШИРКЕТИ" АҚ филиалы, dongsung ENGINEERING CO. инженерлік қызметі., LTD/DASAN CONSULTANTS CO., LTD. мердіге

Өңірде іске асып жатқан бұл ірі құрылыс жобасының аясында 101-143 шақырымдық жол қайта жаңғырмақ, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Автожолды "КЛВ ИНШААТ Аноним ШИРКЕТИ" АҚ филиалы, dongsung ENGINEERING CO. инженерлік қызметі., LTD/DASAN CONSULTANTS CO., LTD. мердігер ұйымы жөндеп жатыр.
Бүгінде 4 жолақтың негіздемесінен бастап жоғарғы қабатына дейін 42 шақырым толық аяқталды. Осы аумақтың 31 шақырымына жол тежегіштері орнатылса, 35,9 километрінде жол жиегі тегістелді.
Сондай-ақ 37,5 шақырым аумаққа асфальтбетонның 2 қабаты және соңғы беткі қиыршық мастикалық асфальтбетон қабаты салынған.
Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін қолданысқа беру күтілуде.
Аталған нысанның жұмыстары мен материалдарының сапасын "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы бақылайды. Орталық арнайы сараптама жасап, үнемі қадағалайды.
Нәтижесінде жыл басынан бері дәл осы нысаннан 246 құрылыс материалы сараптамадан өтіп, оның 23-і нормаға сәйкес емес екені анықталды. Мердігер мекемесі кемшіліктерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұқсас материалдар

Алматы облысы
Қонаев қаласының әкімі «Славян базары» байқауының жеңімпазы Ақерке Амалятты қабылдады
Жаннұр Еділбаева·

Алматы облысы
Қайыңды көліне апаратын автожол құрылысы тамыз айында аяқталады
Жаннұр Еділбаева·

Алматы облысы
Цинхай и Алматинская область укрепляют партнерство: туризм, «зеленые» технологии и новые инвестиционные проекты
Айдар Керім·

Алматы облысы
Экспорт Алматинской области превысил $1,1 млрд за три года
Жаннұр Еділбаева·