— Сот талапкердің сұраған сомасы — 2 550 635 252,63 теңге және мемлекеттік баж сомасы 76 524 956 теңге, яғни барлығы 2 627 160 208,63 теңге көлеміндегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бұғаттады. Бұғатталған мүлікке «Группа Компаний „Ойл Снаб“ ЖШС, „HILL Resources“ ЖШС, „HILL Invest“ ЖШС, „AvtoTechMas Ltd“ ЖШС, Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжароваға тиесілі мүліктер кіреді, — делінген Медеу аудандық сотының қаулысында.Құжатта сот 2025 жылғы 6 қарашада талап бойынша шешім шығарылғанын, бірақ сол кезде мүлік тізімі мен сомада қате кеткенін атап өткен. ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 235-бабына сәйкес, сот бұл қатені түзеп, бұғатталған мүліктің тізімін және сомасын нақтылап шыққан.
Алматы соты Қожамжаровтар отбасының мүлкіне тыйым салды
Алматының Медеу аудандық соты 2025 жылғы 17 қарашада бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағасы Дулат Қожамжаровтың мүлкіне бұғат салды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл құжат «Сот кабинеті» сайтында жарияланған. Бұғаттау туралы шешім Қазақстан Халық банкін

Алматының Медеу аудандық соты 2025 жылғы 17 қарашада бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағасы Дулат Қожамжаровтың мүлкіне бұғат салды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл құжат «Сот кабинеті» сайтында жарияланған.
Бұғаттау туралы шешім Қазақстан Халық банкінің өтініші бойынша шығарылған.
Сот қаулысына сәйкес, екі жеке тұлға мен оларға тиесілі төрт компанияның жалпы сомасы 2,63 миллиард теңге көлеміндегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бұғатталды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·