- Медеу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр, - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алматыда 66 жастағы әйел күйеуін тірідей өртеп жіберді
Алматыда 66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберді. Жантүршігерлік жағдай екі күн бұрын Медеу ауданының Кербұлақ көшесінде тұратын ерлі-зайыптылардың үйінде болған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап. Ер адам үшінші дәрежелі күйік жарақатымен а

Алматыда 66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберді. Жантүршігерлік жағдай екі күн бұрын Медеу ауданының Кербұлақ көшесінде тұратын ерлі-зайыптылардың үйінде болған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.
Ер адам үшінші дәрежелі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда ауыр халде болған ол бүгін таңертең көз жұмды.
Алдын ала деректер бойынша, ішімдік ішіп, масаң күйде болған әйел күйеуіне керосин шашып, от жағып жіберген. Қазір оның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Полиция сұмдық жайттың мән-жайын тергеуге кірісті. Ал қала прокуратурасы қылмыстық істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·