Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда бойжеткен көпқабатты үйден құлап көз жұмды: қылмыстық іс қозғалды

Фото: истоки Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы жағдай тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйдің жанынан бойжеткеннің мәйіті табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Алматы қалалық полиция департамент

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Алматыда бойжеткен көпқабатты үйден құлап көз жұмды: қылмыстық іс қозғалды

Фото: истоки

Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы жағдай тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйдің жанынан бойжеткеннің мәйіті табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», — делінген полицияның ресми хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас материалдар

Алматыда бойжеткен көпқабатты үйден құлап көз жұмды: қылмыстық іс қозғалды · Todayinfo