Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда дронмен жеткізу іске қосылады: пилоттық жоба 2026 жылы басталады

Алматыда тәжірбиелік дронмен жеткізу 2026 жылы басталады, алғашында азық-түлік пен дәрі тасымалданбақ.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Алматыда дронмен жеткізу іске қосылады: пилоттық жоба 2026 жылы басталады

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Freedom Lifestyle компаниясы дронмен жеткізу қызметін дамыту бойынша елдегі алғашқы меморандумға қол қойды.

Бұл жоба азық-түлік, күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмекті курьерсіз жеткізу арқылы алматылықтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған.

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дрондар 10 келіге дейінгі жүктерді 3 шақырым қашықтыққа дейін тасымалдай алады. Әуе құрылғылары тек күндізгі уақытта және қолайлы ауа райында жұмыс істейді.

Дронмен жеткізу алматылықтарға не береді?

Қала жағдайында кептелістер мен адам ресурстарының шектеулі болуына байланысты дронмен жеткізу — уақыт пен энергияны үнемдеудің жаңа мүмкіндігі.

Пилоттық кезең 2026 жылдың қаңтарынан наурызына дейін жалғасады. Осы аралықта барлық қауіпсіздік талаптары, тұрақты байланыс және қала тұрғындарының пікірлері ескеріліп, жоба біртіндеп кеңейтіледі.

Келешекте бұл қызмет ауыл-аймақтарға да жеткізілуі мүмкін. Егер сынақ сәтті жүзеге асса, Қазақстанда логистика жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуы ықтимал.

Ұқсас материалдар