Алматыда «Медеу» табиғи паркінің жерлері қайтарылды
Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады. Айта кетсек, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жеке меншiкте бола алмайды. Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 гектар 10 жер учаске

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.
Айта кетсек, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жеке меншiкте бола алмайды. Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 гектар 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген. Бұған Горнооктябрь ауыл әкiмдiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болған. Мұрағаттық анықтаманың құқық белгілейтін құжат саналмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.
Алматы қаласының прокуратурасы сотқа аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану жөнінде жүгінді. Сот шешімімен прокурордың талап-арызы қанағаттандырылып, «Медеу» табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд теңгенің жері қайтарылды.
Сонымен қатар сотқа қатысуды қамтамасыз еткен Медеу ауданы прокуратурасының өтінішхаты бойынша меншік құқығын тіркеу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін сот кінәлі тұлғалардың жауаптылық мәселесін қарау жөнінде жеке ұйғарым шығарды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·