Алматыда болған қайғылы жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Мотоциклді аса жоғары жылдамдықпен айдап келе жатқан жүргізуші жол жиегінде жұмыс істеп жүрген екі адамды қағып, мерт қылған,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Желідегі бейнежазбада мотоцикли
Алматыда болған қайғылы жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Мотоциклді аса жоғары жылдамдықпен айдап келе жатқан жүргізуші жол жиегінде жұмыс істеп жүрген екі адамды қағып, мерт қылған,деп хабарлайды
Todayinfo агенттігі.
Желідегі бейнежазбада мотоциклисттің жылдамдықпен келе жатып, алдындағы жеңіл автокөлікпен соқтығысқаны анық көрінеді. Осыдан кейін мотоцикл жол шетіне шығып, сол жерде тазалық жұмыстарын атқарып жүрген үшеуді – екі ер адам мен бір әйелді – қағып өткен. Өкінішке қарай, екі ер адам сол мезетте қаза тапса, әйел ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Алматы қаласының полициясы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісінің аман қалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта ол ауруханада күзетпен бірге ем алуда», – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kris P Brothers (@krispnews.kz)