Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда полиция басқармасының бастығы қызметшісін балағаттаған

Polisia.kz Әлеуметтік желіде Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы, полковник Данияр Меңдебаевтың қол астындағы қызметкерлерін балағаттағаны жазылған аудиожазба тарады, деп хабарлайды Тodayinfo  ақпараттық порталы. Желіде тараған жазбада Меңдебаевтың бұрын Алматы обл

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Polisia.kz Әлеуметтік желіде Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы, полковник Данияр Меңдебаевтың қол астындағы қызметкерлерін балағаттағаны жазылған аудиожазба тарады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Желіде тараған жазбада Меңдебаевтың бұрын Алматы облысы ПД бастығы генерал Серік Күдебаевтың орынбасары болғаны, ал Қаңтар оқиғасынан кейін қайта құқық қорғау органдарына қызметке оралғаны айтылған. Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс кезінде басшы қызметінен уақытша шеттетілді. Егер тәртіпбұзушылық расталса, қатаң шаралар қабылданады», – деді департаменттің баспасөз қызметі.
      полиция, Данияр Меңдебаев, Әуезов ауданы, балағаттау, қызметтік тексеріс, Алматы, құқық қорғау органдары

Ұқсас материалдар

Алматыда полиция басқармасының бастығы қызметшісін балағаттаған · Todayinfo