Алматыда ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев ұсталды
Алматыда «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев ұсталды. Михаил Козачковтың дерегінше, оған «Бұзақылық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға 17 наурыз күні кешке «До

Алматыда «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев ұсталды. Михаил Козачковтың дерегінше, оған «Бұзақылық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға 17 наурыз күні кешке «Достық Плаза» сауда-ойын-сауық орталығының маңында болған. Полицияның хабарлауынша, екі адам мас күйінде ойын-сауық орнынан шыққаннан кейін өзара сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысушыларды, соның ішінде Әсет Матаевты да ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторына орналастырылды.
«ҚазТАГ» редакциясы бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасап, Әсет Матаевтың зардап шеккенін атап өтті. Редакция өкілдері әзірге болған жағдай туралы толық ақпараттың жоқтығын, құқық қорғау органдары мен адвокаттардан нақты түсініктеме күтетіндерін жеткізді. Агенттік ұжымы тергеудің объективті жүргізілетініне сенім білдіріп, жұртшылықты барлық мән-жай анықталғанша асығыс қорытынды жасамауға шақырды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·