Алматыда референдум күні «Инватакси» қызметі тегін жұмыс істейді
Республикалық референдум өтетін күні ерекше қажеттілігі бар тұрғындар сайлау учаскелеріне жету үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Мұны қаладағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырып отыр.
Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу

Республикалық референдум өтетін күні ерекше қажеттілігі бар тұрғындар сайлау учаскелеріне жету үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Мұны қаладағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – сайлау учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатынауына жағдай жасау. Атап айтқанда, мүгедектер арбасымен жүретін адамдарға, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға және көру қабілеті нашар жандарға арналған.
Қазіргі уақытта қызмет көрсету үшін 170 «Инватакси» көлігі, яғни 36 арнайы жабдықталған көлік, 134 жеңіл автокөлік жұмылдырылған.
Сонымен қатар, өтініш түскен жағдайда пайдалануға арналған қосымша 20 автокөлік те қарастырылған.
«Инватакси» қызметіне тапсырыс беру үшін байланыс нөмірлері:
Мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін:
+7 707 710 60 50
+7 747 195 35 75
+7 747 402 64 15
Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:
+7 727 338 32 78
+7 705 980 87 09
+7 705 831 48 14
Сонымен қатар, кезекші автокөлікті мына нөмірлер арқылы шақыруға болады:
+7 700 151 0701 / 338-30-09.
Ұқсас материалдар

Алматы
Бутаков шатқалында 700-ден астам адам бірікті
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының сегіз ауданында жаяу жүргіншілер аймақтарын ауқымды тазалау жүргізілуде
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Шетелдегідей: Алматыда жолдарды сабындап жуа бастады
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды
Жаннұр Еділбаева·