Todayinfo.kz
АлматыБарлық жазбаларды қарау

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Фото: Todayinfo.kz Бүгін «Медеу» мұз айдынында өткен салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қ

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті
Фото: Todayinfo.kz Бүгін «Медеу» мұз айдынында өткен салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Көк байрақ көкке көтерілген сәтте әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Ту ілінген тұғырдың биіктігі – 40 метр, ал көлемі – 7x14 метр. Республика күні қарсаңында қала әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандар қатарында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар бар. Қала бойынша мерекелік шаралар жалғасуда: – Республика сарайының алдында «Атамекен» атты патриоттық акция; – Жібек жолы көшесінде қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі; – экологиялық бастамалар мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сағат 18:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік сәулеттік жарықпен көмкеріледі. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы өз сөзінде:
«Бүгін – халқымыздың жүрегінен ерекше орын алған тарихи күн. Республика күні – ел тәуелсіздігін айшықтап, ұлттық бірегейлігімізді нығайтқан мереке. Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Конституция – мемлекетіміздің берік іргетасы, Тәуелсіздіктің алғашқы заңдық кепілі болды. Бұл күн – ата-бабамыздың азаттық жолындағы арманын жүзеге асырған, елдіктің еңсесін көтерген сәттің символы. Республика күні бізге ел бірлігінің, тұрақтылық пен татулықтың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Бүгінгі ұрпақтың міндеті – сол құндылықтарды сақтап, келер буынға аманаттау. Алматы – еліміздің рухани, мәдени және тарихи орталығы. Сондықтан дәл осы қалада көк байрағымыздың көтерілуі ерекше мәнге ие. Бүгінгі мерекелік көңіл күй табиғатпен де үндесіп тұр. Ауа райы ашық, күн шуақты, бұл – бірлігіміздің, елдік рухымыздың айғағы іспетті. Республика күні – тек мереке емес, өз елін сүйетін әр азаматтың жүрегіндегі мақтаныш күні», – деді ол.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты, №25 қалалық емхананың директоры Әкім Тұрсын да алматылықтарды мерекемен құттықтады: «Бүгін – халқымыздың жүрегіне ерекше жақын, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің рухын айшықтайтын күн – Республика күні. Бұл мереке – халқымыздың азаттық жолындағы асыл мұраттарының жүзеге асқанын білдіретін тарихи дата. Республика күні – елдіктің, тұрақтылықтың және бірліктің мерекесі. Алматы қаласының тұрғындары атынан баршаңызды осы қастерлі күнмен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы елдің дамуына өз үлесін қосып, ортақ үйіміз – Отанымыздың игілігі үшін аянбай еңбек етсін. Баршаңызға зор денсаулық, амандық пен мол шаттық тілеймін. Мереке құтты болсын! Республика күнімен!»

Ұқсас материалдар