Алматыда сот шешімімен көлік жуу нысаны сүрілді
Алматыда заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан заңсыз салынған. Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысан

Алматыда заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан заңсыз салынған. Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысанды жоспардан тыс тексеру барысында тиісті рұқсат құжатының жоқтығы анықталды.
Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірген. Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен автокөлік жуу орны рұқсатсыз өз бетінше салынған деп танылды.
Жақында меншік иесі қалалық әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды ерікті түрде бұзды.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында былтыр жыл басынан бері 38 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды. Оның ішінде «Мечта», KHAN, «Граф», «Алма Гарден» тұрғын үй кешені және тағы басқалары бар.
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Жамбыл облысында әскери дрон құлады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Минфин впервые опубликовал «список иноагентов» с суммами и зарубежными донорами
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қаржы министрлігі алғаш рет шетелдік донорлары бар «иноагенттер тізімі» мен сомаларды жариялады
Жаннұр Еділбаева·