Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан (ВИДЕО)

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Тodayinfo  ақпараттық порталы. Желіде жекеменшік балабақша тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Ка

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Алматыда тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан (ВИДЕО)
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Желіде жекеменшік балабақша тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді. Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған. «Бостандық аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.  
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)

Ұқсас материалдар

Алматыда тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан (ВИДЕО) · Todayinfo