Алматыда тұрғын үйдің жаңа иелері үшін коммуналдық қызметті рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Алматыда тұрғын үй сатып алғаннан кейін коммуналдық қызметті тез әрі ыңғайлы рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдер енгізілді. Енді кеңселерге барудың немесе кезекте тұрудың қажеті жоқ, операциялардың басым бөлігі ialma.kz порта

Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда тұрғын үй сатып алғаннан кейін коммуналдық қызметті тез әрі ыңғайлы рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдер енгізілді. Енді кеңселерге барудың немесе кезекте тұрудың қажеті жоқ, операциялардың басым бөлігі ialma.kz порталы арқылы онлайн орындалады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Жаңа меншік иелері жиі кездесетін жағдай — түбіртектердің бұрынғы иенің атына келуі. Деректерді өзгерту, шарттарды рәсімдеу немесе тіркелген тұрғындар санын жаңарту үшін цифрлық сервистерді қолдану жеткілікті.
Қалай жұмыс істейді:
1. ialma.kz порталында тіркеліп, телефон нөміріңізді растаңыз.
2. Жеке кабинетке тұрғын үйді қосыңыз: жеке есепшот нөмірін енгізіп, меншік құқығын растаңыз.
3. Қажетті қызмет түрін таңдаңыз — түбіртектегі деректерді өзгерту, жаңа меншік иесінің атына рәсімдеу, тіркелген тұрғындар санын жаңарту және басқа қызметтер.
4. Қажетті құжаттарды тіркеп, онлайн өтінім жіберіңіз.
5. Өтінім мәртебесін жеке кабинеттен бақылап, SMS арқылы хабарламаларды алыңыз.
Порталда жеке және заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтау, жылу және электрмен қамтамасыз ету бойынша 60-тан астам қызмет көрсетіледі. Барлық операция бірнеше рет басу арқылы орындалады, кеңсеге барудың қажеті жоқ.
ialma.kz порталы Алматы қаласының коммуналдық қызметтін рәсімдеу үдерістерін жеңілдету және қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында әзірленген.
Ұқсас материалдар

Алматы
Дархан Сатыбалды поручил усилить развитие спортивной инфраструктуры и поддержку массового спорта
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын дамытуды және бұқаралық спортты қолдауды күшейтуді тапсырды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
В Алматы более 11 тыс. нуждающихся обеспечат жильем в 2026 году
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда 885 отбасы жаңа пәтердің кілтін алады
Жаннұр Еділбаева·