Алматыда заңсыз салынған кезекті нысан сүрілді
Қарасай батыр көшесі/Жұмалиев көшесі, 126/135 мекенжайда өз бетінше салынған қосымша нысан сот шешімі бойынша сүрілетін болды деп хабарлайды Todayinfo. Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесніңі (жеке тұлғаның) рұқсат құжаттары

Қарасай батыр көшесі/Жұмалиев көшесі, 126/135 мекенжайда өз бетінше салынған қосымша нысан сот шешімі бойынша сүрілетін болды деп хабарлайды Todayinfo.
Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесніңі (жеке тұлғаның) рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан қосалқы және кіре беріс нысандарды салғаны анықталды.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл арқалады. Заңсыз тұрғызылған құрылыс мәжбүрлеп бұзу ұйғарымымен сүрілетін болды.
Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Сот шешімін орындау барысында нысанды меншік иесінің өзі бұзды.
Ұқсас материалдар

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·