Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда жеке үйден өрт шықты

[ad_1] АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда жазғы уақытша үй-жай мен монша өртенді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 наурыз кешкі сағат 20:29 минутта «101» пультіне Алатау ауданы «Шапағат» шағын ауданында жеке үйдің жанғаны туралы хабарлама түсті. Алматы қаласы Т

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Алматыда жеке үйден өрт шықты
[ad_1]

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда жазғы уақытша үй-жай мен монша өртенді.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 наурыз кешкі сағат 20:29 минутта «101» пультіне Алатау ауданы «Шапағат» шағын ауданында жеке үйдің жанғаны туралы хабарлама түсті.

Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамның 41 адамы және техниканың 11 бірлігі 1 «бис» шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жіберілді.

«Өрт сөндіру бригадасы аталған мекенжайға 6 минутта келді. Барлау барысында жазғы және уақытша салынған үй-жәйлары мен моншаның өртенгенін анықтады. Сондай-ақ қызыл жалын небәрі үш метр қашықтықта орналасқан көрші тұрғын үйге қауіп төндірді», - деп хабарлады департаменттен.

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.


[ad_2]
Дереккөз: ҚазАқпарат

Ұқсас материалдар

Алматыда жеке үйден өрт шықты · Todayinfo