Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында тағы да жол апаты болды

Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында 6 сәуір күні тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осыған дейін дәл осы жерде адам өлімімен аяқталған апат болған еді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүг

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында тағы да жол апаты болды
Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында 6 сәуір күні тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осыған дейін дәл осы жерде адам өлімімен аяқталған апат болған еді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 5:46-да қаланың Медеу ауданында Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі жол апатына ұшыраған.
«Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Hyundai жүргізушісі Меңдіқұлов көшесінің қиылысында көлігін басқара алмай, кедергіге соғылған. Атап айтқанда, оңға бұрылу кезінде жолайрықтың бөлгіш тірегіне соқтығысқан», – деп мәлімдеді ведомство.
Полицияның дерегінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысына медициналық көмек қажет болған, ал автокөлікке айтарлықтай зақым алған. Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр. Оқиға орнынан куәгерлер түсірген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Ұқсас материалдар

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында тағы да жол апаты болды · Todayinfo