Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыдағы элиталы мектеп: Әкесі қызын буллинг үшін суицидке барды деп отыр

Алматыдағы QSI жекеменшік мектебінің оқушысы буллингтен соң өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Оқушының әкесі мектеп басшылығын айыптады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Алматыдағы элиталы мектеп: Әкесі қызын буллинг үшін суицидке барды деп отыр

Алматыдағы беделді жекеменшік мектептердің бірінде оқушы қыз булингтен кейін өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттеніп, осы оқиғадан соң мектепте кешенді тексеріс басталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша балалар омбудсмені Диана Ерлан мәлімдеді. Оның айтуынша, зардап шеккен оқушының жағдайы қазір тұрақты, беті бері қарап келеді және дәрігерлердің бақылауында. Омбудсмен отбасына психологиялық көмек ұсынылғанын да атап өтті.

"Оқиғаға қатысты білім басқармасы мониторинг тобын құрды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда", - деді Диана Ерлан.

Осыдан бірнеше күн бұрын алматылық Қанат Әміркин QSI мектебінде оқитын қызының ұзақ уақыт бойы қорлық көргенін, соның салдарынан осындай қадамға барғанын мәлімдеген болатын. Ол мектеп басшылығын жауапсыздық пен салғырттық танытты деп айыптады.

Қазіргі таңда полиция «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Алматыдағы элиталы мектеп: Әкесі қызын буллинг үшін суицидке барды деп отыр · Todayinfo