Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыдағы шулы іс: Полиция мектеп оқушысының ісіне қатысты соңғы нүктені қойды

Алматыдағы QSI мектебінде болған оқиғаға байланысты қозғалған іс жабылды. Полиция оқушыға қатысты буллинг фактілері расталмады деп мәлімдеді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Алматыдағы шулы іс: Полиция мектеп оқушысының ісіне қатысты соңғы нүктені қойды

Алматыдағы QSI жекеменшік мектебінде суицидке әрекеттенген оқушы қызға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Полиция департаменті буллинг фактілері расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Бұл шешімді қалалық прокуратура да мақұлдаған.

Еске салсақ, бұл оқиға туралы 28 қаңтарда жәбірленуші қыздың әкесі алғаш болып дабыл қаққан еді. Ол қызының мектепте жүйелі түрде қысым көргенін айтқан. Алайда мектеп әкімшілігі бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеген.

Балалар омбудсмені Диана Ерлан отбасымен байланыста екенін, оқушыға психологиялық көмек ұсынылғанын айтты. Ал Білім басқармасы тарапынан басталған тексеріс әлі жалғасып жатыр.

31 қаңтарда оқушы қыздың жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғаны, бірақ дәрігерлердің бақылауында қалатыны белгілі болды.

"Полиция департаменті азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты мәліметтерді таратпауға шақырады", - делінген ресми хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Алматыдағы шулы іс: Полиция мектеп оқушысының ісіне қатысты соңғы нүктені қойды · Todayinfo