Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына Алматы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысы болуы ықтимал деп санайды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 26 наурыз күні депутат өзінің әлеум
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына Алматы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысы болуы ықтимал деп санайды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
26 наурыз күні депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында
жазба жариялады.
“Алматы полициясының жоғары лауазымды қызметкерінің көлік жарысына қатысы бар ма? Әл-Фараби даңғылындағы жарысқа қатысқан қатысушылардың бірі полицей болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл жарыс үш адамның өмірін қиды. Сондықтан бәрін жасырып отыр. Ішкі істер министрлігін түсініктеме беруін сұраймын”, – деп жазды Мұрат Әбенов.
Ол жариялаған видеода ер адам жарысқа полиция департаментінің бір бөлімше бастығының орынбасары өз қызметтік көлігімен қатысқанын айтқан.
“21-і күні көлік негізінде автотұрақта болуы тиіс. Қандай рапорт жазсаң да, оны жеке мақсатта, әсіресе түнде ішімдік ішу үшін пайдалануға құқығың жоқ. Оны инспекторлар немесе басқа біреу тоқтата алады деп ойлайсыз ба? Жоқ, тоқтата алмайды. Алматыда мұндай полицейлерді тоқтату мүмкін емес. Бұған Президент әкімшілігінің немесе Ішкі істер министрінің тікелей назар аударуы қажет”, – дейді видеодағы ер адам.