Todayinfo.kz
ТехнологияБарлық жазбаларды қарау

Алматылық студенттер робототехникадан әлем чемпионатын бағындырды

Алматы политехникалық колледжінің студенттері АҚШ-та өткен FIRST Tech Challenge World Championship 2026 робототехникадан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Қазақстанның жоғары технологиялар саласындағы әлеуетін көрсетті.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Алматылық студенттер робототехникадан әлем чемпионатын бағындырды

Алматылық студенттер АҚШ-та өткен робототехникадан әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстанның жоғары технологиялар саласындағы көшбасшылығын дәлелдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE студенттері Хьюстонда өткен FIRST Tech Challenge World Championship 2026 әлем чемпионатынан жеңіспен оралды. Олар планетаның басты сахнасында еліміздің жоғары технологиялар саласындағы жаңа трендтерді қалыптастыра бастағанын көрсетті.

Биыл Хьюстонға барлық континенттен мыңдаған қатысушы жиналды. Алайда финалдың басты кейіпкерлері алматылықтар болды. Колледждің екі командасы – KAP және TGJ – беделді Reach Award номинациясында бірінші және үшінші орындарды иеленді.

Бұл марапат STEM-технологияларды дамытуға қосқан ерекше үлесі және жоғары инженерлік шеберлігі үшін беріледі. Жеңіске жету жолы Орталық Азияда басталды. Командалар Алматыда өткен Central Asia FIRST Championship чемпионаттарында өздерін тамаша көрсетіп, әлемдік аренада ел намысын қорғауға құқықтарын дәлелдеді.

Ұқсас материалдар

Алматылық студенттер робототехникадан әлем чемпионатын бағындырды · Todayinfo