Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Экологиялық дағдарыс: Алматылықтардың 25%-ы қаладан көшпекші

Almaty Air Initiative қорының басшысы Жұлдыз Сәулебекова Алматыдағы ауаның ластану себептеріне жаңаша үңілді . Сарапшының айтуынша, қаланы тұншықтырып отырған жалғыз фактор жоқ, басты мәселе – ластаушы көздердің әділ есебі мен нақты стратегияның жоқтығында. Жақында жүргізілген Cl

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Экологиялық дағдарыс: Алматылықтардың 25%-ы қаладан көшпекші

Almaty Air Initiative қорының басшысы Жұлдыз Сәулебекова Алматыдағы ауаның ластану себептеріне жаңаша үңілді. Сарапшының айтуынша, қаланы тұншықтырып отырған жалғыз фактор жоқ, басты мәселе – ластаушы көздердің әділ есебі мен нақты стратегияның жоқтығында.

Жақында жүргізілген Climate TRACE (спутник пен жасанды интеллект арқылы бақылау) жобасының мәліметтері мегаполистегі экологиялық ахуалдың шынайы бейнесін көрсетті.

ЖЭО және «жерге жабысқан» түтін

Халықаралық модельдеу нәтижесі бойынша, Алматыдағы ЖЭО-2 (ТЭЦ-2) әлемдегі ең лас станциялардың жоғарғы 10%-ына кіреді. Алайда мәселе тек мұржадан шыққан түтін көлемінде емес, оның қалай таралуында.

Географиялық ерекшелік пен желдің бәсеңдеуы салдарынан зиянды заттар (PM2.5, ауыр металдар) жоғарыға көтерілмей, жерден 2–10 метр биіктіктегі «жер деңгейіндегі»(приземный) қабатта жиналып қалады. Бұл – дәл адамдардың тыныс алатын аймағы. Сондықтан алматылықтар жауын немесе қар жауғанын асыға күтеді, себебі табиғи жауын-шашын ғана бұл қабатты уақытша тазарта алады.

Газдандыру туралы ресми статистика және шындық

Ресми деректерде Алматы 99% газдандырылған деп айтылады. Бірақ сарапшы бұл цифрдың шынайы өмірмен қабыспайтынын алға тартады. Құбырдың үйге дейін тартылуы – тұрғындардың газ жағып отырғанын білдірмейді.

Сарапшының пікірінше, негізгі проблемалар мынада:

  • Қымбатшылық: Газ қосу немесе төлеу қымбат болғандықтан, халық көмір жағуға мәжбүр.

  • Көлеңкелі нысандар: Моншалар, времянкалар және заңдастырылмаған үйлер (шамамен 14 мың нысан) есепке алынбаған. Олардың көбі қоқыс, пластик немесе сапасыз отын жағады.

  • Датчиктердің көрсеткіші: Жер үйлер шоғырланған аумақтарда кешкілік және демалыс күндері ластану деңгейі күрт өседі.

Қытай тәжірибесі және 10 жылдық стратегия

Жұлдыз Сәулебекованың айтуынша, қазіргідей «кінәліні іздеу» (көлік пе, әлде ЖЭО ма) әдісі нәтиже бермейді. Мәселені шешу үшін кемі 5-10 жылдық стратегия қажет. Мысал ретінде Қытайдың тәжірибесі келтірілді. Пекин билігі ауаны тазарту үшін үш бағытта қатар жұмыс істеді:

  1. Үй шаруашылығын көмірден арылту.

  2. Өнеркәсіп пен энергетиканы қатаң реттеу.

  3. Көлікті электрлендіру.

Халықтың көңіл-күйі: Кетуге дайын

Зерттеулерге сүйенсек, алматылықтардың 25%-ы ауа сапасының нашарлығынан қаладан көшуді ойластырып жүр. Бұл негізінен білімді, белсенді және төлем қабілеті жоғары азаматтар. Егер қалада нақты экологиялық стратегия жасалмаса, мегаполис адами капиталдан айырылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар

Экологиялық дағдарыс: Алматылықтардың 25%-ы қаладан көшпекші · Todayinfo