«Барлық мердігер ұйым қар мен көктайғақ кезінде жедел жұмыс істеуге дайын отыр. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін көшелерді, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің кіреберісін уақытылы тазалауға қатты көңіл бөлеміз»», - дейді аудан әкімі.Сонымен қатар, ол қыс бойы жолдардың жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізілетінін және күн райы нашарлаған жағдайда коммуналдық қызметтердің жедел әрекет ететінін айтты. Дайындалған қор мен коммуналдық қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуінің арқасында Әуезов ауданы қысты еш қиындықсыз өткізуді жоспарлап отыр.
Алматының Әуезов ауданы көше тазалауға 700-ден астам жұмысшы мен 160 техника шығармақ
Фото: Алматы қаласы әкімдігі Әуезов ауданы алдағы қысқы маусымға толықтай даяр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында журналистердің сұрақтарына жауап берген кезде, аудан әкімі Абзал Егембердиев осылай деп хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша,

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Әуезов ауданы алдағы қысқы маусымға толықтай даяр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында журналистердің сұрақтарына жауап берген кезде, аудан әкімі Абзал Егембердиев осылай деп хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, аудан аумағының санитарлық жағдайын шамамен 20 мердігер ұйым қамтамасыз етеді. Олар үш негізгі бағытта жұмыс істейді:
– көше-жол желісін күтіп ұстау,
– жасыл аймақтарды күтіп ұстау,
– аула аумақтарын тазалау.
Қысқы кезеңде қар тазалау мен көктайғақтың алдын алу жұмысына 161 арнаулы техника мен 775 жол жұмысшысы тартылады. Жолдар мен тротуарларды дер кезінде өңдеу үшін 8 мың тонна тұз бен 15 мың тонна құм-ұнтақ әзірленген.
Ұқсас материалдар

Алматы
Алматыда қатерлі ісікпен ауыратын тұрғындар саны көбейді
Айдар Керім·

Алматы
За полгода в Алматы выявлено более 200 случаев рака молочной железы
Айдар Керім·

Алматы
Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының түлектерімен ашық диалог өтті
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
В Алматы состоялся открытый диалог с выпускниками проекта «Талдау мектебі. Алматы»
Жаннұр Еділбаева·