Алтай ауданында 30 шақырымға жуық жол жөнделді
Ауданда жыл басынан бері қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын тұрғындармен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтып берді. «Алтай ауданы аумағында биыл 28 шақырым жолдар мен көшелер орташа жөндеуден өтті. Алтай қаласының батыс бөлігіндегі су құбыры жел
Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу

Ауданда жыл басынан бері қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын тұрғындармен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтып берді.
«Алтай ауданы аумағында биыл 28 шақырым жолдар мен көшелер орташа жөндеуден өтті. Алтай қаласының батыс бөлігіндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен су құбыры мен кәріз желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды», - деді аймақ басшысы.
Ауданда 5 қазандық бар. Орталықтандырылған жылумен 2 жарым мыңға жуық нысан қамтылған. Осы жылы жылу көздерін ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал Жаңа Бұқтырма кентінде жалпы құны 9,2 млрд теңгеге аулаішілік жылу желілерін қайта құру жұмыстары жалғасып жатыр.
Алтайдағы халықтың 97,2%-ы интернетпен қамтылған. 2 мыңнан астам адам тұратын 17 елді мекенде байланыстың болмауына немесе сапасыздығына қатысты арыз-шағымдар түскен.
«Быково ауылында бюджет қаражаты есебінен 30 қыркүйекте антенна-мачталық діңгектің құрылысы аяқталды. 20 желтоқсанға дейін мобильді интернет қызметін көрсету үшін қажетті жабдықтарды қосу жұмыстары жүргізілуде. Қалған ауылдар «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен қосылады. Бұдан бөлек, аудандағы 23 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Starlink жиынтықтары орнатылды», - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Ұқсас материалдар

Шығыс Қазақстан
В рамках акции «Таза Казахстан» более 40 жителей вышли на субботник в Усть-Каменогорске
Жаннұр Еділбаева·

Шығыс Қазақстан
«Барлық жағдай бақылауымда»: ШҚО әкімі көктемгі су тасқынына дайын екендіктерін мәлімдеді
Жаннұр Еділбаева·

Шығыс Қазақстан
День очищения: в Восточном Казахстане прошли экологические акции
Жаннұр Еділбаева·

Шығыс Қазақстан
ШҚО тұрғындары табиғи су көздерін қалпына келтіруге атсалысты
Жаннұр Еділбаева·