Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Аманатқа қиянат жасаған адам сотпен беттеседі»: Перизат Қайрат ісі бойынша прокурор жарыссөзде сөйлеп жатыр

Астана қаласында “BizBirgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық қорының атын жамылып 3,5 млрд теңгені иемденді деген күдікпен сотқа тартылған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз басталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Сот отырыс

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Аманатқа қиянат жасаған адам сотпен беттеседі»: Перизат Қайрат ісі бойынша прокурор жарыссөзде сөйлеп жатыр
Астана қаласында “BizBirgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық қорының атын жамылып 3,5 млрд теңгені иемденді деген күдікпен сотқа тартылған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз басталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Мадина Оразалина екі айыпталушының кінәсі толық дәлелденгенін айтып, олардың әрекеті халықтың сеніміне жасалған қиянат екенін атап өтті.
«Шынайы қайырымдылық пен өзгенің қайғысын саудаға салу арасында айқын шекара болуы керек. Садақа – мансапқа жетудің құралы емес. Халықтың сенімі – аманат. Ал аманатқа қиянат жасаған адам міндетті түрде әшкере болады», – деді прокурор Оразалина.

Ұқсас материалдар

«Аманатқа қиянат жасаған адам сотпен беттеседі»: Перизат Қайрат ісі бойынша прокурор жарыссөзде сөйлеп жатыр · Todayinfo