Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ақботанұр Сейітмағамбет: «КешYou тобынан шығу үшін айыппұлды күйеуім төледі»

Танымал әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбет кезінде КешYou тобынан шығу үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болғанын, бұл соманы сол кездегі жары Дәурен Айдарқұлов өтегенін айтты. Өнер иесі бұл жайында тележүргізуші Динар Сәтжанға берген сұхбатында ашық баяндады, деп хабарлайды Todayin

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ақботанұр Сейітмағамбет: «КешYou тобынан шығу үшін айыппұлды күйеуім төледі»
Танымал әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбет кезінде КешYou тобынан шығу үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болғанын, бұл соманы сол кездегі жары Дәурен Айдарқұлов өтегенін айтты. Өнер иесі бұл жайында тележүргізуші Динар Сәтжанға берген сұхбатында ашық баяндады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Көп жерде айта бермейтін ақпарат. Бізде КешYou тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ тағдырым басқа жолға бұрылды. Тек 2 жыл ғана жұмыс істедім. Сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір ұлым – 8 жаста, қызым – 6 жаста. Тұрмысқа шығамын деп балалық жасадым ба, айыппұлды күйеуім төледі», – деді Ақботанұр.
Ақботанұр Сейітмағамбеттің бұл мәлімдемесі шоу-бизнес саласында келісімшарттар мен продюсерлік бақылауға қатысты қоғамдық пікірді қайта қозғады. Бұған дейін КешYou тобының басқа да мүшелері продюсер Баян Мақсатқызының командасындағы кейбір қиындықтарды ашық айтқан болатын. Ақботанұр бүгінде актриса ретінде де танылып жүр. Өз сөзінде ол аналық жауапкершілік, отбасылық құндылықтар мен шығармашылық еркіндік жайлы да ой бөлісті. Шоубизнеске қайта оралған өнер иесі жеке өміріндегі шешімдерінің оңай болмағанын айтып өтті.

Ұқсас материалдар

Ақботанұр Сейітмағамбет: «КешYou тобынан шығу үшін айыппұлды күйеуім төледі» · Todayinfo