Ақмола облысындағы «Центр плова» кафесіндегі жарылыс: Тағы екі күдікті ұсталды
Ақмола облысында арнайы прокурорлар “Центр плова Loft” кафесінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы дерегі бойынша соталды тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Тергеу аясында 20 сәуір күні автогаз құю станциясының директоры мен газ ба

Ақмола облысында арнайы прокурорлар “Центр плова Loft” кафесінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы дерегі бойынша соталды тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу аясында 20 сәуір күні автогаз құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізуші қосымша ұсталды. Олар газ баллондарын толтыру және жеткізу қызметін көрсету кезінде заң талаптарын бұзды деген күдікке ілінді.
Қадағалау органының мәліметінше, күдіктілердің әрекеті Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігімен сараланған. Бұл бап тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, абайсызда екіден көп адамның денсаулығына зиян келтіріп, адам өліміне әкеп соқтырған жағдайларға қатысты қолданылады. Бұл бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сот санкциясымен күдіктілердің бірі қамауға алынса, екіншісі үйқамаққа жіберілді.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын, іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайтынын мәлімдеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Индии скончался 16-летний пациент: его мать добивается перевозки биоматериала в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бывший актив Боранбаева окончательно закрепили за «КазМунайГазом»
Жаннұр Еділбаева·