Ақорда баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы туған күніне байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
17 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады.
Ақордада Президент Тоқаев туған күнін тойламайтынын және бұл күнге байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбайтынын тағы да еске салды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты ешқандай салтанатты шаралар жоспарланбайды. Президент бұл күнді атап өтпейді», – деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты.
Еске салайық, 2024 жылы да Президенттің баспасөз қызметі Тоқаев үшін 17 мамыр – жай ғана күн екенін айтқан болатын. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы.
«Оның отбасында туған күнді – мейлі ол балалардікі болсын, мейлі ата-ананікі болсын – атап өту дәстүрі болмаған», – деп түсіндірген еді бұрындары баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі жылдары да осы ұстанымынан айныған жоқ.




