Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ақордада тағы да кадрлық өзгеріс: Президенттің баспасөз хатшысы кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Руслан Желдібай Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды 2022 жылдан бері атқарып келген.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Ақордада тағы да кадрлық өзгеріс: Президенттің баспасөз хатшысы кетті

Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметін атқарған Руслан Желдібай лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босату туралы тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Руслан Желдібай бұл лауазымға 2022 жылдың қыркүйегінде тағайындалып, Берік Уәлиді алмастырған еді. Оның қызметтен кету себебі мен орнына кімнің келетіні әзірге белгісіз.

Фото: Ақорда

Ұқсас материалдар

Ақордада тағы да кадрлық өзгеріс: Президенттің баспасөз хатшысы кетті · Todayinfo