Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

АҚШ-пен одақ бітті ме: Канада өз армиясын құруға 680 миллиард доллар бөледі

Дональд Трамп саясатына жауап ретінде Канада қорғаныс саласын дамытып, АҚШ-тан әскери тәуелсіздікке қол жеткізуді көздеп отыр.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
АҚШ-пен одақ бітті ме: Канада өз армиясын құруға 680 миллиард доллар бөледі

Дональд Трамптың ықтимал саясатына жауап ретінде Канада қорғаныс қабілетін күрт арттырып, АҚШ-қа әскери тәуелділіктен арылуды көздеп отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ресми Оттава АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ықтимал озбыр саясатына дайындалып, өз индустриясын дамытуға және Еуроодақ, Аустралия, Жапония сияқты дәстүрлі серіктестерімен байланысты нығайтуға бағыт алды.

Жаңа қорғаныс стратегиясы аясында 2035 жылға қарай қорғаныс бюджетінің үлесін 5%-ға жеткізу жоспарланған. Биыл бұл салаға 63 миллиард доллар бөлінсе, алдағы он жылда инвестиция көлемі 680 миллиард долларға жетеді.

Басты мақсат – АҚШ-тан барынша тәуелсіз әскери өнеркәсіп кешенін құру. Бұған дейін Канада қару-жарақтың 40%-ын ғана өз елінде өндіріп, қалғанын АҚШ-тан сатып алып келген болса, енді бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу көзделіп отыр. Бұл саясат елде 125 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Жаңа зауыттарда дрон, ұшқышсыз аппараттар және оқ-дәрі өндірісі жолға қойылады. Сонымен қатар, Оттава Арктикадағы стратегиялық мүдделерін қорғау үшін Еуропа елдерімен, әсіресе Даниямен шекара мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейтеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

АҚШ-пен одақ бітті ме: Канада өз армиясын құруға 680 миллиард доллар бөледі · Todayinfo