АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуі келесі аптада өтеді
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуі келесі аптада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарттық агенттігі. Зеленский бұл туралы X (бұрынғы Twitter) желісінде жазды. Оның айтуынша, Украина мен АҚШ командалары жұмысын қайта

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуі келесі аптада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарттық агенттігі.
Зеленский бұл туралы X (бұрынғы Twitter) желісінде жазды. Оның айтуынша, Украина мен АҚШ командалары жұмысын қайта жалғастырып, маңызды келіссөздерге дайындалуда.
«Біз келесі аптада мазмұнды кездесу өтеді деп үміттенеміз», – деді Зеленский.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Вашингтондағы баспасөз конференциясында кездесудің 11 наурызда, бейсенбі күні, Сауд Арабиясында өтетінін мәлімдеді. Келіссөздерде "бейбіт келісімнің" шарттары мен атысты тоқтату мүмкіндігі қарастырылады.
Еуропаға алғыс білдірді
Сонымен қатар, Украина президенті Еуропаға көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
«Украиналықтар әлемдік саясаттағы осындай шиеленісті кезеңде бұл қолдауды шынымен бағалайды. Еуропалық бірліктің сақталуы маңызды, және Еуропа шынымен дұрыс әрекет етуге тырысып жатыр», – деді Зеленский.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·