2025 жылғы 7 наурызда халықаралық Алматы әуежайында ұшу алдындағы тексеру аймағында болған инцидентке қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарттық агенттігі.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 11: 45-те ішкі рейстер (Т1) терминалында ұшу алдындағы тексеру аймағына жолаушы ретінде деструктивті адам келді. ХАӘ авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуін сұрады, ол оған жауап ретінде тексеру қызметкерін шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастады. 7 минуттан кейін ер адамды әуежай аумағындағы желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) қызметкерлері және ХАӘ АҚҚ қызметкерлері қарусыздандырды. Қазіргі уақытта ол адам ЖПБ-де және бұл инцидентпен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысуда.