Todayinfo.kz
Әлем

АҚШ-та Иранға ядролық соққы жасалуы мүмкін екені айтылды

Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Израильдің жақында Иранға ядролық қарумен соққы жасауы ықтимал екенін айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Дуглас Макгрегордың айтуынша, британиялықтар мен

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
АҚШ-та Иранға ядролық соққы жасалуы мүмкін екені айтылды
Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Израильдің жақында Иранға ядролық қарумен соққы жасауы ықтимал екенін айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Дуглас Макгрегордың айтуынша, британиялықтар мен француздар өздерімен кеңеспей ешқашан ядролық қару қолданбайды.
“Ал ядролық қаруы бар екенін ресми түрде мойындамайтын елді басқарып отырған Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жағдайында да осылай ма? Меніңше, олай емес”, – деді ол.
Оның сөзінше, Израиль бұл қадамға АҚШ-тың келісімінсіз де баруы мүмкін. Сондықтан Вашингтон бұл мәселеде өзін алдамауы керек. Бұған дейін Такер Карлсон Иранға қарсы соғыс жаңа әлемдік тәртіп орнатуға бағытталғанын айтқан еді.
“Бұл соғыс адамзат тарихындағы жаңа дәуірдің, жаңа тарихи кезеңнің, жаңа әлемнің басталуын білдіруі тиіс”, – деген еді ол.

Ұқсас материалдар