Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде брифинг өтіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ерлан Жетібаевтың айтуынша, брифинг басталар алдында СІМ-ге жоғалған қазақстандыққа қатысты жаңартылған ақпарат түскен.
"Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр. Біздің дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде", – деді Ерлан Жетібаев.
АҚШ тарапынан ресми ақпарат түскен сайын Сыртқы істер министрлігі қосымша мәлімет ұсынуға уәде берді.




