«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар – Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары. Тергеу аясында жол-көлік оқиғасының себептерін және зардап шеккендерді анықтау шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлім етті полиция.
Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 6 наурызда таңертеңгі сағат 08:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань трассасының 120-шақырымында екі көлік (Ларгус және Хайлюкс) соқтығысып, соның салдарынан Ларгус өртенген. Облыстың Денсаулық сақтау басқармасы 8 адам қаза бо

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 6 наурызда таңертеңгі сағат 08:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань трассасының 120-шақырымында екі көлік (Ларгус және Хайлюкс) соқтығысып, соның салдарынан Ларгус өртенген. Облыстың Денсаулық сақтау басқармасы 8 адам қаза болғанын хабарлады.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылының әкімі Мәди Сүйіншалин 12 жастағы ер бала әкесімен бірге мерт болғанын айтты. Екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге Ақтөбеге бара жатқан.
Сондай-ақ ауыл әкімі ересектер балаларды жеке шаруаларымен әкеткенін жеткізді. Ал көлік жүргізген жігіт Саркөлге жақын Кеңқияқ ауылының тұрғыны екен. Ол да қаза болған. Жол апатынан қайтыс болған өзге екі адамның кім екені әзір белгісіз.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·