Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған

[ad_1] Ақтөбеде прокурорлар үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшыларына қатысты істі тергеп, сотқа жіберді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Ақтөбе облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігі («Алда

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған
[ad_1] Ақтөбеде прокурорлар үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшыларына қатысты істі тергеп, сотқа жіберді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Ақтөбе облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігі («Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу») бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің жеке бақылауында болды.
  2019-2023 жылдары Safina тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші және «Алтын Орда» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд теңгесін иемденген.   Биыл 25 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасы 2 күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының №2 сотына жолдады.  
Облыс прокуратурасы қазақстандықтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады. [ad_2] Дереккөз: Халық үні

Ұқсас материалдар

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған · Todayinfo